Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның отырысы өтті.
Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында хабарланды.
Комиссия сыйлықты алуға ұсынылған 6 жұмысты қарап, мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманың нәтижелерімен және келесі үш секцияның сараптамалық-талдамалық ұсыныстарымен танысты:
медицина ғылымдары бойынша;
қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар бойынша;
жаратылыстану ғылымдары және металлургия бойынша.
Комиссия отырысының қорытындысы бойынша 2020 жылғы әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлығын алуға ұсынылған алдын ала іріктеуден өткен жұмыстардың тізімі бекітіліп, бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады, - делінген хабарламада.