Әл-Азхар Исламтану академиясы: Әр діннің өз ерекшелігін ескеруіміз керек

11 Қазан 2023, 11:36
578
Бөлісу:
Әл-Азхар Исламтану академиясы: Әр діннің өз ерекшелігін ескеруіміз керек
Фото: Арман Мухатов

Бұл туралы Әл-Азхар Исламтану академиясының бас хатшысы Назир Мұхаммед әл-Назир Аяд Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары Съезі Хатшылығының XXI отырысында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Біз діни лидерлер арасында бейбіт өмірді қалыптастыру туралы айтқан кезде діндердің барлығын бір арнаға жинау туралы сөз қозғамауымыз керек. Бұл мүмкін емес. Оның арты жақсылыққа әкелмейді. Сол себепті әр діннің өз ерекшелігін ескеруіміз керек, - деп айтты ол.

Назир Мұхаммед әл-Назир Аяд атап өткендей, жеккөрушілік, зорлық-зомбылыққа қарсы тұрудың механизмдері қандай екенін көтеруіміз керек. Ол бірнеше мәселе көтергісі келетінін айтты.

Болашақтағы перспективаларымыз қалай? Сондай-ақ бейбітшілікті қамтамасыз ету, соғысты тоқтату үшін қандай қадамдарға бара аламыз? Бейбітшілік мәдениетін жасайтындай батылдығымыз бола ма? Нақты айтсам, оған күмәнім бар. Бірақ қазіргі күні елдер өзінің заңды құқықтарын іздестіріп жатыр. Кейбір елдер басқа елдерге қарағанда жеккөрушілік және қанаушылық қағидаттарын ұстанып келеді. Оларды саралы түрде қарауымыз керек. Себебі моральдық және материалдық жағынан қанаушылық танытып отырған елдер бар. Бізде ешқандай балама жоқ. Тек діни лидерлердің дауысы арқылы рухани құндылықтарды бекітуіміз керек, - деп түсіндірді имам.

Ол Құранда айтылғандай, қасиетті діндердің арқасында ғана нәтижеге қол жеткізуге болатынын айтты.

Кей адамдар жеке басының пайдасына пайдалану арқылы теріс қадамдарға барып отыр. Діннің жүгі өте ауыр. Дін орнықты дамуды іске асыруда, бейбіт өмір сүруді ілгерілетуде рөлі маңызды, - деп айтты Назир Мұхаммед әл-Назир Аяд.

Өзгелердің жаңалығы