Акула Бразилиядағы жағажайлардың бірінде демалысқа барған турист әйелдің қолын жұлып ала жаздады, деп хабарлайды BAQ.KZ Latestly басылымына сілтеме жасап.
Оқиға Бразилияның Пенамбуку штатында орналасқан Пьедаде жағажайында болған. Суға шомылып жатқан туриске акула шабуыл жасаған. Куәгерлер теңіз жыртқышының шабуылынан әйелді арашалап алғанымен, ол көп қан жоғалтып, есінен танып қалған.
Оқиға орнына жедел жәрдем келіп, тікұшақтың көмегімен оны шұғыл түрде ауруханаға жеткізді.
Бұл жағажайда акулалардың шабуылы көп орын алатындықтан суға түсуге тыйым салынғаны белгілі болды. Қауіптілікке қарамастан кей адамдар ескертуді әлі де елемей отыр.