Ақтоғай ауданы әкімдігі жанында «Ашық әкімдік» ашылды

28 Қараша 2020, 23:25
1815
Бөлісу:
Ақтоғай ауданы әкімдігі жанында «Ашық әкімдік» ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Ашық әкімдік» кеңсесі білім бөлімі ғимаратының бірінші қабатында  орналасқан,  деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Ақтоғай ауданы әкімі аппаратының жетекшісі Бауыржан Шайкенов орталық мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттырып, азаматтардың өтініштерімен жұмыс жасауға мүмкіндік беретінін атап өтті. 

«Ашық әкімдік» жергілікті атқарушы биліктің қызметке қабілеттілігін арттыруға, халық пен мемлекеттік қызметшілер арасындағы кедергілерді жоюға, халықты сапалы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Енді жергілікті тұрғындар «Бір терезе» қағидаты бойынша халыққа білім беру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жер қатынастары, әлеуметтік және басқа да мәселелермен байланысты қызметтер мен  түрлі кеңесті осы жерден ала алады, - деді  Бауыржан Шайкенов.
Орталық мүмкіндігі шектеулі азаматтарға ыңғайлы болу үшін барлық қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілген. Сондай-ақ, келушілерге арналған кең операциялық зал, аудан әкімінің азаматтарды қабылдау кабинеті, күту орындары және балалар бұрышы қарастырылған.  Фронт-офисте әкімдіктің 5 бөлімінің мамандары өз жұмысын бастайды, оның ішінде кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімі, білім бөлімі, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, жер қатынастары бөлімі және экономиканың нақты секторы бөлімі бар.

Тұрғындар орталықта қызметтерді тек мемлекеттік орган арқылы ғана емес, сонымен қатар өзіне-өзі қызмет ету аймағындағы электронды үкімет порталы арқылы ала алады.

Мемлекеттік қызмет ардагері, қоғамдық кеңес төрағасы Шайахмет Сәдуақасов Ақтоғай ауылының тұрғындары атынан атқарылған жұмыстар үшін алғыс айтып, осындай сервистік орталықтардың ашылуы халықтың түрлі мәселелерін шешуге және жоюға, азаматтар үшін барынша қолайлы жағдай жасауға көмектесетінін атап өтті.


Өзгелердің жаңалығы