Алматы, BAQ.KZ. 20 сәуірден бастап Ақтөбе облысының аумағында халықтан заңсыз сақталған қару-жарақты сатып алу бойынша жыл сайынғы республикалық акция жүргізіліп жатыр.
Бұл туралы Ақтөбе облысы ПД хабарлады.
Акция басталғаннан бері азаматтар 3 күнде 48 бірлік қару, оның ішінде 6 бірлік ойық және 42 тегіс ұңғылы қаруды тапсырған.
Мысалы Ойыл ауданының 20 жастағы тұрғыны полиция бөліміне 2 бірлік қару тапсырды (16 калибрлі ИЖ аңшылық мылтық және ТОЗ-8 ойық ұнғылы мылтық) тапсырды.
Оның айтуынша, мылтық марқұм атасынан қалған, өтіп жатқан акция туралы біліп, әкесімен ақылдасып, оларды тапсыруға бекінген.
Заңсыз сақталған қару-жарақ заттарын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды өз еркімен тапсыруға ниет білдірген азаматтар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады. Өзінде заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды ақшалай сыйақы үшін тапсыруға ниет білдірген кез келген азамат аумақтық полиция бөліміне барып, өтініш бере алады. Өтінішті полиция бөлімдерінің кезекші бөлімдерінде беруге болады, - делінген хабарламада.
Азаматтар телефон арқылы жүгінген кезде осы заттардың орналасқан жеріне барлық қажетті іс-шараны жүргізетін полиция қызметкері жіберіледі.
Қаруды немесе оның компоненттерін ұқыпсыз пайдалану ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін. Өйткені олар өмір мен денсаулыққа үлкен қауіп төндіреді. Осыған байланысты қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет.