Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. бұл туралы Ақтөбе облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Еріктілер жылында індеттің таралуына жол бермеу үшін ақтөбелік еріктілер де үлкен жұмыс атқаруда. Полицейлермен қатар олар коронавируспен күресте өздерінің азаматтық позициясы мен жеке жауапкершілігін көрсету арқылы көмек көрсетіп келеді.
Осы жылдың 5 желтоқсанында облыстың жергілікті полиция қызметі «AntiCovid» еріктілер қозғалысының коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы іс-қимылға, облыс орталығының көшелерін патрульдеуге, із-түзсіз жоғалған адамдарды, оның ішінде кәмелетке толмағандарды іздестіру іс-шараларына елеулі көмек көрсететін қатысушыларын құттықтады.
Іс-шара барысында ең белсенді 16 волонтер қоғамдық тәртіпті және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде полицейлерге көрсеткен көмегі үшін Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының алғыс хатымен марапатталды.