Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Ақтөбе - адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің сараптамалық кеңесінің мүшелері «Адал жол» жобасы аясында жолаушылар тасымалы саласының жағдайына мониторинг жүргізді.
«Ақтөбе – адалдық алаңы» баспасөз қызметінің хабарлауынша, мониторинг Ақтөбе облысының вокзалынан басталды, онда жұртшылықтың назарын вокзал алдындағы көлік тұрағы қызықтырды, ол жеке компанияға қызмет көрсетуге берілген. Мониторинг барысында автокөлік тұрағына кірер кезде автомобильдің кіру уақыты көрсетілген талон берілмейді . Ал автотұрақта тегін тұру уақыты 15 минутты құрайды. Бұл жағдай жүргізушілердең тұрақта 15 минутқа жетпестен негізсіз ақша төлеу талаптарын тудырып, өз кезегінде азаматтар тарапынан наразылыққа әкеледі."Бұдан әрі қоғам өкілдері «жасырын сатып алушы» әдісімен теміржол вокзалының кассаларында билеттер болмаған жағдайда делдалдар арқылы билет сатып алу туралы келісімге келді. Бұл ретте делдал өз қызметтері үшін 8000 теңге алды, ал билет құны 4000 теңгені құрады. Соңында қоғам өкілдері пойыз жолсеріктерімен келісіп, билет сатып алмай «Алматы-Орал» бағыты бойынша Алға станциясынан Ақтөбеге дейін және «Ақтөбе-Атырау» бағыты бойынша Алға станциясынан Ақкемер станциясына дейін бір адам үшін 500 теңге көлемінде сыйақы төлеп, билетсіз жүрді", - делінген таратылған ақпаратта.
Анықталған барлық бұзушылықтар жобалық кеңсе тарапынан шаралар қабылдау үшін тиісті органдарға жолданды.