Ақтөбеде жол апатынан Toyota Land Cruiser жүргізушісі қаза болды

14 Тамыз 2021, 16:47
2306
Бөлісу:
Ақтөбеде жол апатынан Toyota Land Cruiser жүргізушісі қаза болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 13 тамыз күні сағат 17.20-да «Покровка-Жаңажол» тас жолында жол-көлік оқиғасы болды. 

Toyota Land Cruiser автокөлігінің 45 жастағы жүргізушісі Ақтөбе қаласы жағынан Темір ауданының Кеңқияқ кенті бағытында 21 шақырымында, Темір қаласы маңындағы жергілікті маңызы бар «Покровка-Жаңажол» жолында автокөлігін басқара алмай, көлік құралының қозғалысы барысында оң жаққа аударылып кеткені анықталды. Жол-көлік оқиғасы салдарынан автокөлік жүргізушісі алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды, ал 46 жастағы жолаушы Кеңқияқ ауылдық ауруханасына жатқызылды, - делінген хабарламада.

ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі (Абайсызда адам өліміне әкеп соққан ЖҚЕ бұзу) бойынша тергеу жүргізілуде.


Өзгелердің жаңалығы