Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасы барысында Ақтөбеде 2 мыңнан аса әкімшілік-құқықбұзушылық анықталды.
Ақтөбе облысының аумағында 2021 жылдың 12-18 наурыз аралығында көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда тиісті қоғамдық тәртіпті сақтауға, құқық бұзушылықтың алдын алуға, болдырмауға бағытталған «Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу іс-шарасы өтуде, деп хабарлайды облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Облыс бойынша «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасының 3 күнінде 51 қылмыс тіркелді. Кезекші тәулікте 37 қылмыс ашылды. Іздеуде жүрген 1 адам ұсталды. Бұрын жасалған 17 қылмыс ашылды.
Заңсыз алып жүру мен сақтаудың 70 фактісі анықталды:
- Есірткі құралдарын сақтағаны үшін 2 факт;
- Тіркелмеген атыс қаруы мен оқ-дәрілерді алып жүрудің 3 фактісі;
- Суық қаруды (пышақтарды) алып жүрудің 64 фактісі.
«Нөлдік төзімділік» тәртібінде 2078 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қайшы әрекеттер үшін – 81, ұсақ бұзақылық үшін – 275, спирттік ішімдіктер ішу немесе қоғамдық орындарға мас күйінде келу үшін – 281, УБжДО-ға –116 адам орналастырылды, қабылдау-тарату орнына – 12 адам қамалды.
Жол қозғалысы ережелерін бұзу бойынша – 869, оның ішінде мас күйінде автокөлікті басқару – 18, белгіленген қозғалыс жылдамдығын арттыру – 122, қарсы жолаққа шығу – 26, жаяу жүргіншілерге жол жүруде артықшылық бермеу – 71, жаяу жүргіншілердің қозғалыс ережелерін бұзуы бойынша – 387 анықталды.