Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе қаласында 4 ақпан күні бір топ жастар таныс қыздың туған күнін атап өту үшін қаланың ескі бөлігінде үй жалдаған. Ол келесі аптада ел кубогі үшін өтетін жарысқа қатыспақ екен.
Шара барысында жастар арасында қақтығыс болып, соның салдарынан 18 жастағы жігіт атыстан көз жұмады. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті анықталып, ұсталды және ол кісі өлтіргенін толық мойындап, полиция қызметкерлері тәркілеген қылмыс құралын жасырған жерді көрсетті. Кісі өлтіру фактісі бойынша ҚР ҚК 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдікті Ақтөбе қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды, - деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің бас пасөз қызметінен.
Қайтыс болған жігіттің киокушинкай каратэден 2018 жылғы Азия чемпионы, қоңыр белбеу иегері Дәулет Хайролла екені кейін жария болды. Спортшы әуел баста қала шетіндегі думанға досына қолдау көрсету үшін келген екен. Ерегіс кезінде оған кездейсоқ оқ тиіп, көз жұмады. Оны атқан өзі қатарлы, 18-19 жас шамасындағы жігіттер шошып кетіп, Дәулеттің денесін көліктеріне салып, әрі-бері жүріп, ақыры қаладағы Орталық стадион маңындағы көлікте қалдырып кеткен деген дерек бар. Дәулет Хайролла алдағы аптада ел кубогы үшін өтетін жарысқа қатысқалы отыр екен.