Ақтөбеде атыс салдарынан 18 жастағы азамат көз жұмды

6 Ақпан 2021, 11:49
1341
Бөлісу:
Ақтөбеде атыс салдарынан 18 жастағы азамат көз жұмды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбеде атыс салдарынан 18 жастағы азамат көз жұмды, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

4 ақпанда бір топ жастар таныс қыздың туған күнін атап өту үшін қаланың ескі бөлігінде үй жалдаған. Шара барысында жастар арасында қақтығыс болып, оның салдарынан атыс бозбала қаза тапқан.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті анықталып, ұсталды және ол кісі өлтіргенін толық мойындап, полиция қызметкерлері тәркілеген қылмыс құралын жасырған жерді көрсетті, - делігген хабарламада.

Кісі өлтіру фактісі бойынша ҚР ҚК 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.  Күдікті Ақтөбе қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Ақтөбеде атыс салдарынан 18 жастағы азамат көз жұмды

Өзгелердің жаңалығы