Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбеде 20-дан астам отбасы темірден құрастырылған шағын вагондарда өмір сүріп жатыр. Жазда ыстық, қыста суық тар бөлмелерді паналағандардың басқа амалы жоқ, деп хабарлайды 24.kz.
Үй салқын. Қақаған аяз болса, үй ұлып кетеді. Жазда қаңылтыр қайнайды, үй жанып тұрады. Түнгі 00:00-01:00-ге дейін ыстығы басылғанша далада жүреміз. Газ баллонын пайдаланамыз, - дейді тұрғын Әлия Елеусінова.Темірден құрастырылған бұл вагондар жиырма жылдан астам уақыт бұрын вахталық әдіспен еңбек еткен жұмысшылар үшін салынған. Кейін жекенің қолына өтіп, әр бөлмесі пәтер ретінде сатылыпты. Қоныстанған тұрғындар құжаттарын да рәсімдеп, жылу мен су және электр энергиясын да өз күштерімен кіргізген.