Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Облыстық экология департаменті қиыршық тас зауыттарынан бірнеше заңсыздық анықтады, деп хабарлады Aktobenews.kz.
«Бершүгірде 11 зауыт тексерілді. Зауыттар экологиялық заңнамаға сәйкес шаң-газ тазарту құрылғыларын пайдаланбаған, қоршаған ортаға эмиссия жасау рұқсатын алмаған.«Тау кен», «Мұғалжар нефтестрой», «Иргиз Тас Кум», «Теміржол жөндеу», «Алтын Мұнай Тас», «Ақшат Ақтөбе», «Актюбинская компания инертных материалов», «Нур Тас Актобе» ЖШС-і әкімшілік жауапшілікке тартылып, 19 миллион теңге айыппұл салынды. Қоршаған ортаға зиян келтіргені үшін 174 миллион теңгеден астам айыппұл төлеу міндеттелді», -деп хабарлады облыстық экология департаменті.
Тексеру қорытындысымен келіспеген компаниялар сотқа арыз түсіре алады.
Тексеру қорытындысымен келіспеген компаниялар сотқа арыз түсіре алады.
Айта кетейік, «Мұғалжар нефтестрой», «Алтын Мұнай Тас», «Нұр Тас Ақтобе» ЖШС-нің жұмысын тоқтату үшін іс сотқа жіберілді. Ал облыстық экология департаменті тіркелген заңсыздықты жою жұмыстарын бақылауға алады.