Ақтөбе облысында жыл басынан бері адамдарға 201 млн теңге айыппұл салынған

27 Наурыз 2021, 10:49
1213
Бөлісу:
Ақтөбе облысында жыл басынан бері  адамдарға 201 млн теңге айыппұл салынған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе облысында наурыздың 26-30 аралығында «Борышкер» жедел профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Ақтөбе қаласы полиция басқармасымен осы жылдың басынан бастап 201 млн  тенгеден астам айыппұл салынып, оның өндіру пайызы 60% құрады.

Ақтөбе қаласы бойынша патрульдік полиция инспекторлары, УПИ, КЖТ УИП қызметкерлері жеке сот орындаушыларымен біріккен түрде мобильдік топтары құрылып, осы іс шара өткізілу кезінде айыппұлдарды төлемей жалтарынып жүрген азаматтардың тұрғылықты жерлері бойынша аралап, оларға айыппұл төлеу жөніндегі түсіндіру жұмыстарын жүргізілуде, - деп хабарлады полиция департаменті.

ҚР ӘҚБтК-нің 797-бабының талаптарына сәйкес, айыппұлдарды қасақана төлемей жүрген көлік құралдарының иелерін жол қауіпсізідігін қамтамасыз ету кезінде «Автоураган» АБК қолданысымен анықтап айыппұл тұрақтарына қойылды.

Ақтөбе қаласының құрметті тұрғандары және қала қонақтары Ақтөбе қаласы полиция басқармасы, қоғамдық қауіпсіздік пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету кезіндегі салынған айыппұлдарды уақытылы төлеу керек екенің Сіздерді ескертеді, себебі, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің талаптарына сәйкес белгіленген уақытта айыппұл төленбеген кезде, мәжбүрлі түрде өндіріледі.

Сондықтан адамдарға берілген қысқартылған тәртіппен айыппұлды төлеу ұсынылды, айыппұл салынған күннен бастап 7 тәулік аралығында егер төлесеңіз толыққанды айыппұл мөлшерінің 50% пайызы төленеді.

Егер де 7 тәулік аралығында төленбесе, ҚР ӘҚБтК-нің 811-бабының талаптарына сәйкес толыққанды түрде айыппұл төленеді.

Өзгелердің жаңалығы