Ақтөбе облысында жел электр станциясының құрылысы жүріп жатыр

<h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қуаттылығы 48 МВт болатын жел электр станциясының құрылыс жұмыстарына 300 адам тартылған, деп хабарлады Aktobenews.kz.</h4>

25 Қыркүйек 2019 2019, 21:30
АВТОР
 25 Қыркүйек 2019 2019, 21:30
25 Қыркүйек 2019 2019, 21:30
3312

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қуаттылығы 48 МВт болатын жел электр станциясының құрылыс жұмыстарына 300 адам тартылған, деп хабарлады Aktobenews.kz.

Жоба құны – 33 миллиард теңге. Қарғалы аудандық кәсіпкерлік бөлімінің хабарлауынша, жел электр станциясының құрылыс жұмыстарына 300 адам тартылған, оның 100 Қарғалы ауданының тұрғыны.

«Жел электр станциясы аумағында 10 шақырым жол салынып, 10 шақырым кабель жүргізілді. Жел генераторын қордыру үшін іргетасы қаланды. Барлығы 13 генератор қондырылады. Олардың барлығы Еуропадан Ақтау арқылы Ақтөбеге жеткізілді», - деп хабарлады Қарғалы аудандық кәсіпкерлік бөлімі.

Айта кетейік, жобалау 2018 жылдың желтоқсанында басталды. Бұл станция Бадамша ауылынан 7 шақырым қашықтықта орналасқан. Вахталық ауылда 100 адамға арналған асхана бар. Құрылыс жұмысы биыл желтоқсанда айында аяқталады деп жоспарланған.
Наверх