Ақтөбе облысында жаңа спорт кешені ашылды

2 Желтоқсан 2021, 19:50
2962
Бөлісу:
Ақтөбе облысында жаңа спорт кешені ашылды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе облысында спорт пен салауатты өмір салтын насихаттау үшін заманауи көпфункционалды спорт кешені ашылды. Ол Мұғалжар ауданының Ембі қаласында жұмыс істейді.

Кешеннің жалпы ауданы шамамен 1 800 шаршы метрді құрайды және оған шағын футбол, волейбол, баскетбол және теннис алаңдары, күрес кілемі, бокс рингі және екі жолақты жүгіру жолдары кіреді. Сондай-ақ қала тұрғындарына ыңғайлы болу үшін шешінетін бөлмелер мен жанкүйерлердің жылжымалы трибуналары орнатылды.

Сондай-ақ кешен барлық қажетті құрал-жабдықпен жабдықталған - волейбол, шағын футбол, баскетбол доптары, теннис ракеткалары және шарлар.

Ақтөбе облысында жаңа спорт кешені ашылды

Кешен ауа райына қарамастан жыл бойы жұмыс істейді. Орталық анкерлік жүйенің көмегімен негізге бекітілген екі қабатты ауа өткізбейтін мембранамен жабылған. Бұл дизайн қыста жылуды және жазда салқындықты сақтауға мүмкіндік береді.

Кешеннің ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай ашылды.

Құрметті Мұғалжар ауданының тұрғындары! Сіздерді Тұңғыш Президент күнімен шын жүректен құттықтаймын! Тұңғыш Президентімізге, сіздерге және жақындарыңызға амандық, зор денсаулық және бақыт тілеймін! Біздің Отанымыз - Қазақстан дамып, нығайып, гүлдене берсін! Біздің барлық бастамаларымыз нәтижелі, ал болашағымыз жарқын болсын! Бүгінгі іс-шараға қатысушыларға шын жүректен сәттілік және табыс тілеймін. Сіздерге жаңа рекордтар мен лайықты марапаттар тілеймін, спорт денсаулығыңызды нығайтып, қуаныш пен қанағат, өзіңізге деген сенім мен бақыт сыйласын, - деді Ақтөбе облысы әкімінің бірінші орынбасары Руслан Хамбаров.
Ақтөбе облысында жаңа спорт кешені ашылды

Спорт кешен «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен ашылды.

Бұл - біздің ауқымды жобамызға бастау болатын алғашқы іс-шара. 2022 жылға дейін оба аясында 11 өңірде осындай спорт кешендерінің ашылуы жоспарлануда. Бұл бастама кем дегенде 35 мың адамды қамтиды. Біз қорымыз елімізде бұқаралық спортты дамытуға үлкен көңіл бөледі. Біз қазақстандықтардың спорттық ұлт бола алатынына және жаңа спорт кешендері барлық азаматтар үшін қолайлы орталыққа айналатынына сенімдіміз. Мүмкін дәл осы жерде болашақ олимпиада жүлдегерлері мен әлем чемпиондары тәрбиеленетін шығар, - деп атап өтті өз сөзінде «Samruk-Kazyna Trust» қорының бас директорының орынбасары Сергожа Қалиасқаров.

Өзгелердің жаңалығы