Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл облыста сыбайлас жемқорлыққа қатысты 99 іс тіркелді. Оның тең жартысы ауыр, деп хабарлады Aktobenews.kz.
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаменті 9 айдың қорытындысын шығарды. Барлығы 99 қылмыстық іс тіркелсе, оның 50 проценті ауыр санатқа жатады. Қаржы жымқыру, мемлекет қаржысын талан-таражға салу дерегі бойынша 30 іс, қылмыстық өкілеттілігін асыра пайдалануда 38 іс, пара алуда 24 қылмыстық іс бар. Осы жылы барлығы 112 қылмыстық іс сотқа жіберілді. Кейбір іс өткен жылдан бастап тергелген болатын.
"Таяуда Шалқар ауданында теміржол саласының басшысы 1,2 миллион теңге пара алумен ұсталды. Тергеу талаптарына сай өзге ақпарат құпия сақталады", - деді сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттінің облыстық департамент басшысы Мирлан Мұхамбетов.
"Таяуда Шалқар ауданында теміржол саласының басшысы 1,2 миллион теңге пара алумен ұсталды. Тергеу талаптарына сай өзге ақпарат құпия сақталады", - деді сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттінің облыстық департамент басшысы Мирлан Мұхамбетов.
Шағын және орта бизнес қызметіне заңсыз араласуда 14 дерек тіркелді. Облыстық басқарма жетекшілеріне қатысты 6 адам, аудандық басшылардан 5 адам, құқық қорғау саласында 45 қылмыстық іс, әлеуметтік қамсыздандыруда 3 іс, мемлекеттік сатып алуда 7, мемлекеттік кірістер бөлімінде 2, білімде 4, ауыл шаруашылығында 1, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығында 3 қылмыстық іс бар. Сонымен қатар мемлекеттік бағдарламаларды орындауда 6 қылмыстық іс тіркелді. Жыл басынан бері 44,3 миллион теңге шығын келсе, оның 23,8 миллион теңгесі мемлекет пайдасына өндірілді. Ал 47,9 миллион теңге уақытша бұғатталды.