Ақтөбе облысында бір мектеп карантинге жабылды

21 Қараша 2020, 03:28
1590
Бөлісу:
Ақтөбе облысында бір мектеп карантинге жабылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе облысы Шалқар ауданында бір мектеп карантинге жабылды, деп хабарлады 24.kz. 

Ақтөбе облысы бойынша қазір 1 мектеп карантинге жабылды. Облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Гүлназ Сүлейменованың айтуынша, Шалқар ауданындағы 7-сынып оқушысынан СOVID-19 анықталды.

Мұнда білім алып жүрген оқушылардың бәрі қашықтан оқуға көшті.

Облыстың білім саласы бойынша барлығы 18 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Біреуі Шалқар ауданының оқушысы. Сонымен бірге 10-ы педагог, үшеуі техникалық қызметкер. Төртеуі балабақша тәрбиеленушісі. Бұл білім ордаларында дезинфекция жұмыстары жүргізілді, - деді Гүлназ Сүлейменова.

Айта кетейік, қазір 226 мектеп дәстүрлі форматта оқытып жатыр. Онда 19 мыңнан астам бала білім алып жүр. Өзгесі қашықтан білім береді. Өңірде 1-4 сынып оқушылары ата-аналарының өтінішімен кешекші топ ашылса, келесі аптада 5-сыныпқа да кезекші сынып қосылады.

Өзгелердің жаңалығы