Ақтөбе облысында 49 мектеп салынады – Ерғалиев

18 Тамыз 2021, 10:11
8366
Бөлісу:
Ақтөбе облысында 49 мектеп салынады – Ерғалиев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ақтөбе облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары таныстырылған Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев айтты.

Кешенді жоспардың соңғы бөлімі бойынша өңірдің ғылыми-медициналық кластерін дамыту аясында 8,1 млрд теңгенің жобалары қарастырылуда. Денсаулық сақтау және білім беру жүйелері қызметтерінің қолжетімділігі мен сапасын арттыру үшін қазіргі заманғы инфрақұрылым құру көзделген.25 денсаулық сақтау объектілеріне күрделі жөндеу жүргізіледі, көп бейінді аурухана, балалар онкогематология орталығы салынады, сондай-ақ денсаулық сақтау ұйымдарын жоғары технологиялық медициналық техникамен жабдықтау жоспарлануда, - деді ол.

Сонымен қатар министр Ақтөбе облысы бойынша 49 мектеп және Ақтөбе қаласында колледж студенттеріне арналған үш жатақхана салу жоспарланып отырғанын айтты.

Кешенді жоспарды іске асыру 2025 жылға қарай 114 мың жаңа жұмыс орнын құруды, шамамен 5,8 трлн жеке инвестицияларды тартуды қамтамасыз етеді.Өңдеу өнеркәсібінің көлемі 21,6%-ға, ауыл шаруашылығы өнімдері 37%-ға, жақсы және қанағаттанарлық жергілікті жолдардың үлесі – 34%-ке, халықтың ақшалай табыстары 41,8%-ға, тұрғын үйлерді пайдалануға беру 21%-ға және құрылыс жұмыстарының көлемі 60,7% ға өседі.Жалпы өңірлік өнімнің нақты өсімі 27,4%-ға артады, - деді ол.

Ерғалиев атап өткендей, кешенді жоспарды іске асыру өңірдің дамуына сапалы жаңа серпін беруге, экономикасын әртараптандыруға және инвестициялар тартуға мүмкіндік береді.

Орта мерзімді перспективада жалпы өңірлік өнімнің жыл сайынғы өсімі 5-6% - ға арттырады. Жоғарыда аталған кешенді жоспардағы жобаларды іске асыру, келешекте халықтың әл-ауқатын жақсартуға оң әсер етеді, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы