Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылғы 27 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды.
Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.
«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Атырау, Қарағанды облыстары.
«Сары» аймақта: Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары.
«Жасыл» аймақта: Шымкент қаласы, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан және Түркістан облыстары.