Ақтауда жемқорлыққа қарсы квест өтті

11 Қараша 2019, 22:50
2585
Бөлісу:
Ақтауда жемқорлыққа қарсы квест өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасы және "Азаматтық құқық" ұйымының ұйымдастыруымен "Жемқорлыққа жол жоқ" атты тақырыпта марафон квест өткізілді.

Шараға Маңғыстау облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің алдын алу және парасаттылық басқармасының мамандары, мемлекеттік қызметшілер және "Жас Отан" жастар қанатының өкілдері қатысты. Қатысушылар төрт командаға бөлініп алты деңгейден тұратын сайыстардан өтті, - делінген ақпаратта.   
Бір ерекшелігі әр тапсырма өзіне белгіленген жерде эстафеталық ойындар, сұрақ-жауаптар, фото байқау және қызықты ойындар түрінде өткізілді. Нәтижесінде 4 команданың ішінде 1 орынды "Адал" тобы иеленіп, барлық қатысушы командаларға дипломдар табысталды.
 

Өзгелердің жаңалығы