Ақтауда ауа құрамының сапасын анықтайтын экологиялық датчиктер орнатылды

<p> </p> <h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында Ақтау қаласында ауа құрамының сапасын анықтайтын экологиялық 8 датчик орнатылды, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.</h4>

 2 Қазан 2021 2021, 13:42
2 Қазан 2021 2021, 13:42
2314

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында Ақтау қаласында ауа құрамының сапасын анықтайтын экологиялық 8 датчик орнатылды, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Атап айтқанда құрылғылар 27 ш/а №16-шы мектепке, 32 ш/а №29 мектепке, 14 ш/а №1 мектепке, 1 ш/а №3 мектепке, 22 ш/а №22 мектепке, 5 ш/а №7 мектепке, Шығыс-1 ш/а жуырда ашылған жаңа мектепке, Өмірзақ ауылындағы №27 мектептің ауласына қойылды.

Облыстық цифрландыру басқармасының басшысы Айдын Хадиевтің айтуынша, эко станциялар арқылы ауа құрамының көрсеткіші мен ластану деңгейін PM-2.5, PM-10 көрсеткіштерін бақылауға болады.

Аталған датчиктердің көрсеткіштерін қала тұрғындары airkaz.org  сайты және Smart Aktau мобильдік қосымша арқылы көріп, қадағалай алады. Маңғыстау облысы аталған эко датчиктерді орнату бойынша елімізде Алматы қаласынан кейінгі екінші орында,-деді басқарма басшысы.

Наверх