«Ақтау теңіз порты» құрылғалы бері 395 млрд теңгеге өнім өндірілді

9 Желтоқсан 2021, 12:25
2450
Бөлісу:
«Ақтау теңіз порты» құрылғалы бері 395 млрд теңгеге өнім өндірілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағы құрылғалы бері 395 млрд теңгеге өнім өндірді, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

 2003 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың жарлығымен құрылған «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағы» Маңғыстау өңірінің әлеуметтік және экономикалық дамуына тың серпін беруде.

«Ақтау теңіз порты» құрылғалы бері 395 млрд теңгеге өнім өндірілді

Арнайы экономикалық аймақ құрылған 18 жылда АЭА аумағындағы жобаларға әлемнің 7 елінің, соның ішінде Қытай, Ұлыбритания, Әзербайжан, Сингапур, Түркия, Германия, Иран және жергілікті инвесторлар 244 млрд теңге инвестиция салды. Осы жылдар ішінде 395 млрд теңгеге жуық өнім өндірілді, бұл ретте өндірілген өнім көлеміндегі жергілікті қамтудың үлесі 75%-ды құрайды.

Арнайы экономикалық аймақ құрылған сәттен бастап қазынаға 52,1 млрд теңге сомасында салық төлемдері төленді. Жаңадан 3000-нан астам тұрақты жұмыс орны құрылды, оның 95%-ы жергілікті кадрлар.

«Ақтау теңіз порты» құрылғалы бері 395 млрд теңгеге өнім өндірілді

Бүгінгі таңда экономикалық аймақта мұнай өндіру, өңдеу, құрылыс, көлік және логистика, туризм нысандарын салу мақсатында 41 қатысушы тіркеліп, 19 жоба сәтті іске асырылып жатыр.

«Ақтау теңіз порты» құрылғалы бері 395 млрд теңгеге өнім өндірілді

Өзгелердің жаңалығы