АҚШ-тың Гавайи штатында «Боинг-737» жүк ұшағы мұхитқа құлады

3 Шілде 2021, 10:00
2200
Бөлісу:
АҚШ-тың Гавайи штатында «Боинг-737» жүк ұшағы мұхитқа құлады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. BBC таратқан хабарға сәйкес, АҚШ федералды азаматтық авиация басқармасының Жағалау күзеті екі ұшқышты да құтқарып қалған, деп жазды Хабар24. 

Олардың бірі ауыр халде. Дәрігерлер ұшқыштың өмірін сақтап қалу үшін барын салып жатыр. 

Boeing корпорациясы жағдайды мұқият қадағалап, билікпен байланыс жасап отыр. Апаттың себебі әлі анықталған жоқ. Әуе кемесі Гоно-лулудан Каху-луи қаласына бағыт алған болатын.

Өзгелердің жаңалығы