Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ-та коронавирустық ахуалдың қиындауына байланысты билік өкілдері халықты екпе алуға шақырды. Бұл туралы Reuters хабарлады.
Биліктің хабарлауынша, елде COVID-19 жұқтырып ауруханаға түскендердің орташа саны соңғы айда 21 пайызға өсіп, 19000-нан асты. Өлім-жітім өткен аптада 25 пайызға өсіп, тәулігіне 250 жағдай тіркелген.КВИ жаңа штамдары елдің вакцинациялау қарқыны баяулаған аумақтарында тез тарап жатыр. Бұл саяси лидерлердің екпе алғысы келмейтін америкалықтарға қысымын күшейтуге мәжбүр етті.
Өтінемін дәл қазір вакцина салдырыңдар , - деп мәлімдеді АҚШ президенті Джо Байден.
Президент Джо Байден вакцинация деңгейі төмен штаттардағы COVID-19-дың жоғары деңгейін мәлімдей отырып, сөзінде елдің экономикасын қалпына келтіру пандемияның алдын алуына байланысты екенін айтты.