АҚШ-та COVID-19 жұқтырған балалар саны артқан

10 Тамыз 2021, 18:29
7437
Бөлісу:
АҚШ-та COVID-19 жұқтырған балалар саны артқан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ-та коронавирус инфекциясы балалардың арасында жиі тарай бастаған. 

Бұл туралы The New-York Times хабарлады.

Орталықтың мәліметінше, шілде айының соңынан бері ел аумағындағы ауруханаларға күн сайын індетті жұқтырған 200-ден астам бала жеткізілген. Бұл көрсеткіш жыл басындағы пандемияның ең ауыр кезеңінде тіркелген еді. 

Жергілікті биліктің хабарлауынша, қазіргі таңда балалардың ауруы 20 пайызға артқан. Індеттің көбеюі коронавирустың «дельта» штамының тез таралуына байланысты.

Балалар жұқпалы аурулар жөніндегі маман, жұқпалы аурулар комитетінің төрағасы доктор Ивонн Мальдонадоның айтуынша, реанимацияға жатқызылған балалардың көбіне екпе алуға болмайды. Жаңа штамнан қорғайтын вакциналар бар. Алайда ол 12 жасқа толмаған балаларға салдыруға келмейді.

Айта кетейік, 22-29 шілде аралғында АҚШ-та 72 мың адам вирус жұқтырған.

Өзгелердің жаңалығы