Қазақстанның соңғы жаңалықтары

АҚШ Moderna компаниясынан тағы 200 миллион доза COVID-19 вакцинасын сатып алды

17 Маусым 2021, 07:38
1510
Бөлісу:

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ үкіметі америкалық Moderna компаниясынан тағы 200 миллион доза COVID-19 вакцинасын сатып алды, деп хабарлады Reuters.

АҚШ-тағы жалпы тапсырыс көлемін 500 миллионға жеткізген қосымша дозаны ересектер де, балалар да қолдана алады.

Қазіргі уақытта Модерна компаниясы коронавирус штамдарынан қорғай алатын тәжірибелік вакцинаны сынақтан өткізіп жатыр.

Еске салайық, АҚШ үкіметі Moderna компаниясымен 100 миллион доза вакцина жеткізуге 1,53 миллиард доллар бағамен келісімшартқа отырған.


Өзгелердің жаңалығы