АҚШ Green card талаптарын күшейтеді

13 Тамыз 2019, 15:27
2118
Бөлісу:
АҚШ Green card талаптарын күшейтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ әкімшілігі дүйсенбі күні АҚШ аумағына заңды түрде енетін иммигранттардың санын едәуір қысқартуға мүмкіндік беретін ереже енгізді, деп хабарлады CCN.

Ережеге сәйкес, үкімет табысы аз және білімі төмен, жәрдемақы алған, Medicaid медициналық сақтандыруын пайдаланған, азық-түлік талондарын және тұрғын үйді жеңілдікпен сатып алған адамдарға виза мен грин карта беруден бас тартуы мүмкін.

Үкімет бұл тұлғалар келешекте мемлекеттік қолдауға зәру болуы мүмкін деп болжайды. АҚШ Ішкі қауіпсіздік министрлігіне қарасты Азаматтық және көші-қон қызметі директорының міндетін орындаушы Кен Кучинеллидің Ақ үйде өткен брифингте айтқан сөзінен белгілі болғандай, бұл АҚШ-қа көшіп, тұруға ықылас білдіргендердің барлығына экономикалық тұрғыдан өз өзін қамтамасыз етуге және дербестікке қол жеткізуге түрткі болады. 

Жаңа ереже 15 қазанда күшіне енеді.
Өзгелердің жаңалығы