Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ Cенаты бұрынғы президент Дональд Трамп импичментін қолдамады, деп жазды «Хабар 24».
Осы іс бойынша 43 сенатор импичментті қолдап дауыс берсе, 57-сі қарсы шықты. Осылайша, Дональд Трамп алдағы сайлауларға қатысып, мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығын сақтап қалды. Естеріңізде болса, қаңтардың басында Капитолийге жасалған шабуылдан соң Америка сенаторлары Дональд Трампқа импичмент жариялаған болатын.
Біз бүгін Сенат қабырғасында бір топ республикашылдың батыл әрекет ете алмағанын көрдік. Олар өздерінің жұмысы мен қызмет етіп жүрген институтын қорғаудан қорықты, - деді АҚШ Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелоси.
Оқи отырыңыз: