АҚШ Ауғанстан банкінің қаражатын бұғаттады

19 Тамыз 2021, 07:22
857
Бөлісу:
АҚШ Ауғанстан банкінің қаражатын бұғаттады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Халықаралық валюта қорының есебі бойынша, АҚШ есеп-шоттарында ауған орталық банкіне тиесілі 9 млрд доллар бар.

Wall Street Journal газетінің жазуынша, Джо Байден әкімшілігі активті өткен аптада Ауғанстанда долларлар қолма-қол алынып жатқан кезде бұғаттап тастаған.

Құрама Штаттар оны Ауғанстанда билікке келген «Талибан» қозғалысы қаржыға қол салмауы үшін бұғаттағанын мәлімдеді. 

Жағдай өзгеруі, Вашингтон Ауғанстанның жаңа билігін мойындауы мүмкін. 1990 жылдары «Талибан» қозғалысы Ауғанстанның басым бөлігін билеген кезде, оның үкіметін үш ел ғана мойындаған. Бірақ ол кезде арасында АҚШ болмаған, деп жазады Орталық Азияның жаңалықтар қызметі.


Өзгелердің жаңалығы