АҚШ 30 мың ауғандық босқынды қабылдауға дайын

<p> </p> <h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ Ауғанстаннан арнайы визаны алуға үмітті&nbsp;30 мың босқынды қабылдауға дайын.</h4>

 16 Тамыз 2021 2021, 22:31
16 Тамыз 2021 2021, 22:31
3441

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ Ауғанстаннан арнайы визаны алуға үмітті 30 мың босқынды қабылдауға дайын.

Бұл туралы CNN-ге Пентагонның баспасөз хатшысы Джон Кирби хабарлады.

Оның сөзінше, босқындар уақытша Техастағы Форт Блисс және Висконсин-дегі Форт Маккой базаларына орналастырылады.

Айта кетейік, Албания және Солтүстік Македония ауғандық босқындарды АҚШ есебінен қабылдауға дайын екендерін мәлімдеді.

Бұған дейін Канада 20 мың ауған босқынын қабылдауға ниеттеніп отырғаны хабарланды.

Наверх