Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Орталық коммуниакциялар қызметінде өткен брифингте Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтып берді.
Оның айтуынша, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жеке тұлғалар туралы ақпаратты қорғау шараларын күшейтуді тапсырды.
Біз ақпараттық қауіпсіздікті жоғары дейгейде жолға қою үшін бірнеше шараны қолға алдық. Біріншіден, цифрлық келісім беру мен пікір қалдыру қағидаты бойынша жұмыс істелуде. Азаматтар ХҚКО-ға немесе мемлекеттік органдарға келген кезде жүйе олардың ұялы телефонына арнайы код жібереді. ХҚКО немесе мемлекеттік орган қызметкері азамат код арқылы жеке басын растағаннан кейін ғана ол туралы ақпаратты көре алады. Бұл – тұлғалар туралы деректерді қорғайдың ең тиімді тәсілі, - деп айтты министр.
Ол ақпараттық қауіпсіздікті сақтау мақсатында WEBTOTEM мониторинг және қорғау қызметі сатып алынғанын хабарлады. Бұл қызмет бойынша бүгінде қазақстандық 158 082 веб-сайт заңсыз сыртқы күштерден қорғалуда.
BUG-BOUNTY бағдарламасы аясында 275 оң мақсаттағы хакерлер жұмылдырылды. Барлық мемлекеттік интернет ресурс қорғалып отыр. IT-мамандарының арқасында 172 мәрте ақпараттық қауіп жойылды. Банктердің мобильді қосымшасы арқылы 3 мемлекеттік қызмет көрсету іске қосылды. Соның бірі – автомобильді қайта ресімдеу. Қызмет көрсету уақыты 10-15 минутқа қысқарды. Бұл қызметпен бүгінде 41 638 рет қолданған, - деді Бағдат Мусин.