Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмола облысында полицейлер адам өлтірді деген күдікке ілінген ер адамды іздестіруде.
12.11.1993 жылы туған, Ресей Федерациясының азаматы, Ақмола облысы Есіл қаласының тумасы Назмиев Руслан Ринатович адам өлтірді деген күдікпен іздестірілуде. Ұлты татар, бұрын сотталған, - деп хабарлады облыстың полиция департаментінде.
Белгілері: бойы 185 см, орташа денелі, беті сопақ, өңі қара торы, көздері үлкен, қоңыр, қыр мұрынды, шашы қысқа қара түсті.
Оның қай жерде екені туралы мәлімет болса, полиция телефон арқылы хабарлауды сұрайды: 8 (7162) 29-10-09, 29-11-14, 8 776 110 65 65, немесе 102.