Ақмолада жоғалған адамның денесі 5 күннен кейін даладан табылды

27 Желтоқсан 2020, 16:46
1742
Бөлісу:
Ақмолада жоғалған адамның денесі 5 күннен кейін даладан табылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жоғалған адамның денесін бес күн бұрын Ақмола облысында еріктілер даладан тапты. 

Бұл туралы Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

21 желтоқсанда Жарқайың аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне жергілікті тұрғын хабарласты. Ол 1994 жылы туған күйеуі Артем Ветровты табуға көмек сұраған. Бір күн бұрын ол Жарқайың ауданының Костычево ауылында досымен бірге болған, таңғы сағат жетілер шамасында үйден шығып, белгісіз бағытқа кетіп қалған.

Полиция жедел-іздестіру тобын құрды. Ол топқа РОП жеке құрамы, төтенше жағдайларды жою бөлімінің қызметкерлері, сондай-ақ Жарқайың мен Есіл өңірлерінің еріктілері, жоғалып кеткен азаматтың туыстары және жергілікті тұрғындар қатысты.

Костычево ауылының айналасында 5 шақырым радиуста іздеу жұмыстары жүргізілді. Коко өзенінің жағасы тексерілді. Сонымен қатар полиция қызметкерлері Костычево ауылының тұрғындарына ғана емес, жақын маңдағы Донское ауылына да барды.

Ақмолада жоғалған адамның денесі 5 күннен кейін даладан табылды

26 желтоқсанда кешкі сағат алты шамасында Державинск қаласында тұратын волонтерлар Сұлтанов Сағынтай мен Вольф Александр Жарқайың ауданының полиция қызметкерлеріне жоғалған Артём Ветровтың денесін тапқанын хабарлайды. Оның денесі Костычево ауылынан батысқа қарай 6 шақырым қашықтықта табылды, - деп хабарлады полиция департаменті.

Полиция қызметкерлері еріктілерге жоғалған 26 жастағы жігітті іздеуде полицияға белсенді көмек көрсеткені үшін алғыс білдіріп, қыста қауіпсіздік шараларын сақтау керектігін еске салды.

Өзгелердің жаңалығы