Ақмола облысында вакцинацияға дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр

19 Қаңтар 2021, 11:09
1146
Бөлісу:
Ақмола облысында вакцинацияға дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев айтты.

Өңірде эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру бағытындағы жұмыстар жүргізілуде. Соңғы аптада жалпы сырқаттанушылықтың орташа өсімі 0,8%-ды құрады. Соңғы тәуліктерді 1,2% немесе 99 оқиға тіркелді.  526 адам стационарда ем-дом қабылдап жатыр, оның ішінде 41 адамның жағдайы нашар. Аурудың артуына жол бермеу және карантиндік шараларды күшейту үшін барлық қажетті шаралар жасалады. Азық-түлік емес дүкендердің, сауда-ойын-сауық орталықтарының жұмыс тәртібі 30% толуына қарай сағат 10.00-ден 22.00-ге дейін, үй-жайлардағы қоғамдық тамақтандыру объектілерінің жұмыс қызметі сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін шектелді. Мониторинг топтары жыл басынан бері 346 рейд өткізді, 1212 объект қамтылды. 

Аймақ басшысы өткен аптада инфекциялық стационарлар, оның ішінде ауылдағы мекемелерде орын саны артқанын айтты. Реанимациялық орындарды жабдықтау 100%-ды құрады.

Бүгінгі таңда ұлттық сараптама орталығының бірыңғай порталымен интеграцияланған 6 зертхана жұмыс істейді. Тәулігіне 1700-ден 2000-ға дейін тест өткізіледі. Қажеттілігіне қарай зертханалардың резервтік қуаты тәулігіне 7000-ға дейін тест өткізуге мүмкіндік береді. Бастапқы медициналық-санитариялық көмек (БМСК) көрсету ұйымдарының қызметі бойынша шаралар күшейтілді. Жаңа жылды 18 зертхана мобильді бригадалармен халыққа қызмет көрсету үшін 37 автокөлікпен қамтамасыз етілді, - деді ол. 

Облыс әкімі халықты вакцинациялау үшін дайындық жұмыстары жүргізіліп жатқанын жеткізді. 

Вакцинаның 100 мың дозасын сақтау үшін 2 мұздатқыш камерасы бар, тағы 4-еуі сатып алынады. Сонымен қатар, тағы 38 термоконтейнер, 19 терморегистратор сатып аламыз. Дәрілік заттардың құрылған 2 айлық қоры қажеттілігіне қарай пайдаланылады және жедел тәртіпте қалпына келтіріледі. Бүгінгі таңда 61 млн теңгеге дәрілік заттардың 90 аталымы жеткізілді. Қажетті дәрілік заттарды қосымша сатып алу үшін облыстың тұрақтандыру қорында 500 млн теңге қарастырылған. Эпидемиологиялық жағдай ерекше бақылауда, - деді ол.
Өзгелердің жаңалығы