Ақмола облысында өрт болып, бір кісі қаза тапты

12 Қаңтар 2021, 09:45
1006
Бөлісу:
Ақмола облысында өрт болып, бір кісі қаза тапты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Целиноград ауданы Ақмол ауылында жеке тұрғын үйден шыққан өрт салдарынын бір кісі қайтыс болған.

Кеше Целиноград ауданы Ақмол ауылында тұрғын үйде өрт шықты. Өрт сөндірушілер жанып жатқан ғимараттан 1936 жылы туған үй иесін және 1964 жылы туған ұлын алып шықты. Өкінішке орай, дәрігерлер әйелді құтқара алмады. ТЖ Департаменті жылу беру маусымы кезеңінде жеке үйлер үшін тұрмыста өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау өзекті болып қалуда деп атап өтті. Өрт қауіпсіздігі ережелері қарапайым және түсінікті, бірақ бәрі бірдей оларды сақтаудың маңыздылығын түсінбейді, – дейді Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін облыстың Төтенше жағдайлар департаменті бұрынғысынша электр сымдарын жарамды күйде ұстауды, тек зауыттық электр сақтандырғыштарды пайдалануды, электр ажыратқыштар мен розеткалардың жарамдылығын қадағалауды, жылыту аспаптардың қауіпсіздігін қадағалауды ұсынады.


Өзгелердің жаңалығы