Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмола облысында Халықаралық музейлер күніне арналған «Музей түні» акциясы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Рухани қазына – 2021» фестивалі аясында еліміздің мәдени астанасында өткен шара онлайн режимде ұйымдастырылды. Күрделі эпидемиологиялық жағдайға қарамастан, мұражай қызметкерлері үнемі ізденіс үстінде. Ерекше форматта өткен мәдени шара бұл жолы да көкшетаулықтардың көңілінен шықты. Ақмола облыстық мәдениет, архивтер және құжаттамалар басқармасының басшысы Айгүл Сәбитованың айтуынша, басты мақсат-келушілерді мәдени және тарихи мұраға арналған жарқын, ерекше бағдарламалармен тарту және қызықтыру.
Көрермендер үшін ашықтық-бүкіл әлемдегі «Музей түнінің» негізгі ұраны. Биылғы жылы акцияның тақырыбы 20 ғасырдың тарихы болды. Біз 4 арнайы алаң, театрландырылған экскурсия және ескі пленкалы фильмдерді көрдік, - деп атап өтті ведомство басшысы.
Ерекше түнде көрермендер соғысқа дейінгі уақыт, екінші дүниежүзілік соғыс, соғыстан кейінгі кезең дәуірлеріне бөлінген өткен ғасырдың атмосферасына еніп, сол кездегі би алаңында болып, Қазақстанды егемендік жылдары көрді.
Айта кетейік, Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейі «Музейдегі түн» акциясына 2013 жылы қосылды, содан бері ол жыл сайын өткізіліп келеді.