Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Әділет вице-министрі Наталья Пан Әділет министрлігінің 2020 жылдың қорытындысы бойынша кеңейтілген алқа отырысында айтты.
Кодекс халықаралық стандарттарға сәйкес әкімшілік әділетті енгізеді. Кодекстің негізгі мақсаттары: азаматтарға басқарушылық шешімдер қабылдау процесіне нақты қатысуға мүмкіндік беретін кепілдіктер жиынтығын бекіту, әкімшілік органның жоғары тұрған органында және сотта дауларды қарау кезінде азаматтардың құқықтарын қорғаудың тиімді тетіктерін белгілеу, - деді Пан.
Ол атағандай, Кодекс 2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
Заң шығару саласындағы заңнаманы жетілдіру мақсатында Әділет министрлігі Заң жобаларының сапасын қамтамасыз етуге, сондай-ақ заң шығару процесіне жұртшылықты кеңінен тартуға бағытталған заң жобасы бойынша жұмыс жүргізуде, - деді ол.
Ол атағандай, заң жобасы заң жобасының тұжырымдамасын әзірлеу алдындағы жаңа кезеңді енгізуді көздейді.
Бұл құжатта проблемалар мен оларды шешудің баламалары айқындалады. Сондай-ақ оларды талқылау қорытындылары көрсетіледі. Заң жобасы Парламент Сенатының қарауында жатыр, - деді Наталья Пан.Бұған дейін ол вице-министр Әділет министрлігінің 2020 жылдың қорытындысы бойынша кеңейтілген алқа отырысында ведомствоның қандай заңдарды әзірлегенін айтты.