Әкімшілік ғимараттарға шабуыл жасады деген күдікпен бір топ адам ұсталды

8 Ақпан 2022, 16:25
1312
Бөлісу:
Әкімшілік ғимараттарға шабуыл жасады деген күдікпен бір топ адам ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы ҰҚК 2022 жылғы 7 ақпанда Алматы қ. жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде мемлекеттік органдардың әкімшілік ғимараттарына шабуыл жасады деген күдікпен бір топ адамды ұстады.

Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.

Тінту барысында олардан Калашников автоматы, оған 158 патрон, танкіге қарсы қол гранатаатқышына 1 ату және 3 снаряд, 2 граната, келте аңшы мылтығы және электрошокер табылып, тәркіленді, - делінген хабарламада.

Ұсталғандардың бірі бұрын адам өлтіргені, қарақшылық және ұрлық жасағаны үшін сотталған.

Тергеу және жедел іс-шаралар жалғасып жатыр.

Өзгелердің жаңалығы