Әкімшілік әділет. Құқықтық даулар бөлек қарастырылады

25 Қаңтар 2021, 16:44
1940
Бөлісу:
Әкімшілік әділет. Құқықтық даулар бөлек қарастырылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Жоғарғы Сотының судьясы Аслан Түкиев ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясында айтты. 

Судья 2021 жылдың шілдесінде күшіне енетін жаңа Әкімшілік рәсімдеу-процессуалдық Кодексі туралы айтып берді. 

Кодекс жеке немесе заңды тұлғалардың мемлекеттік орган немесе өзге органның шығарған шешімімен келіспеуіне қатысты істерді реттейді. Мұндай дауларды реттеу бойынша қазір белгілі сұрақтар бар. Қоғамдық құқықтық даулар осыған дейін де болды. Осы күнге дейін ол азаматтық-процессуалдық кодекс арқылы шешіліп келді, - деді ол. 

Түкиевтің айтуынша, жеке қызығушылықтарына қатысты, мәселен, жер учаскесін бөлісе алмаған азаматтар арасындағы даулар өте көп.

Олардың саны 1 млн-нан асады. Осы тәртіптер мен қоғамдық массада, өкінішке қарай, құқықтық даулар да қарастырылды. Олар 30 мыңды құрайды. Олар да азаматтық-процессуалдық кодекс аясында қаралды. Олар осы істің ортасында адасты. Оның жеке даулы мәселелерден ерекшелігі бар. Себебі адам мемлекеттік органға тең болмауы керек. Мысалы, азамат салалық министрлікпен соттасады. Бұл жерде министрлік, әрине, жауапты деңгейде, оның ұтуына мүмкіндік мол. Адами ресурс пен бюрократиялық аппаратқа ие. Әрине, олар жиі жеңіске жетеді. Олар кейде көп күш салмай, әділетсіз де жеңіп жатады. АПК бойынша тараптар бірдей деп айтады. Сот екі тарапқа да бірдей қарайды, - деді ол. 

Ол атағандай, бұл жерде азаматтардың мойнына өзге де міндеттер артылады.

Олар өтінішті дұрыс беруі керек. Оған қосымша құжаттарды да білуі керек. Осы талаптарды орындамау автоматты түрде оның өтінімін қабылдауға алып келеді. Азаматтар көп жағдайда жеңіліп қалды, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы