Асхат Тағыберген “Ордабасынан” Шымкент әкімі сынға алғаннан кейін және жалақы дауына байланысты кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясы президентінің кеңесшісі Нұрсұлтан Құрман Telegram-арнасында хабарлады. Оның айтуынша, Тағыберген келісімшарт мерзімі аяқталуына 10 ай қалғанда клубтан кеткен. Ол толық өтемақы талап етпей, өзіне ең тиімсіз нұсқаны таңдаған.
Футболшының кетуі Шымкент әкімі Ғабит Сыздықбековтің сөздерінен кейін орын алды. Әкім: “Ол ойнай алмайды, бірақ кеткісі де келмейді, жай ғана отыр” — деп мәлімдеп, футболшының айлық жалақысы 20 миллион теңге екенін айтқан. Бұл мәлімдемеге Тағыбергеннің жары өз наразылығын білдірген болатын.
Қазіргі таңда 34 жастағы жартылай қорғаушы, бұған дейін “Ақтөбе” мен “Астана” клубтарында ойнаған, әзірге жаңа клуб тапқан жоқ. Дегенмен, ол 2014 жылдан бері шақырылып келе жатқан Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы болып қала береді.
- Мұқаба
- Жаңалықтар
Әкімнің сыны мен айлықтың жыры Асхат Тағыбергенді “Ордабасынан” кетірді

-
1Адамды өлтіріп, көлікпен бірге өртеп жіберген11592Оқушылар жазғы каникулға қашан шығады6923Келіссөз кері кете ме: Ресей АҚШ-тың ұсынысын қабылдай алмайтынын мәлімдеді6194Трамптың талабы таусылар емес: Зеленскийге тағы айып тақты5045Туристер жер сілкінісінен кейін Таиландқа баратын турларды жаппай тоқтатып жатыр497
-
1Әрқашан сұранысқа ие болатын үш мамандық анықталды100982Әскерилер 15 дәрігерді өлтіріп, бульдозермен қазылған зиратқа жерлеп кеткен26923Әскерге барғандарға 21 млн теңге жәрдемақы төленеді23434Ғалымдар 16 мың жыл бұрын өмір сүрген адамның бет-бейнесін жасап шықты21415Пойыз билеттерін жарты бағасын төлеп, қалай алуға болады2070