Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ақтөбе облысы әкімдігінің Facebook-тегі парақшасында тікелей эфирде «Ауылдық округ әкімдерін сайлау» тақырыбында брифинг өтті.
Брифинг барысында Ақтөбе облыстық Сайлау комиссиясының төрағасы Гүлнар Күнбаева қанша адам дауыс бергенін айтты.
Аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 25 шілдедегі жергілікті уақытпен сағат 07:15-тегі жағдай бойынша Аққұдық ауылы мен 34 ауылдық округтегі 74 сайлау учаскесі дауыс беруге кірісті. Сайлаушылардың сайлау учаскелеріне келуі туралы ақпараттар аумақтық сайлау комиссияларының интернет беттерінде жарияланып отырады, - деді ол.Сайлаушылардың келуінің алдын ала қорытындылары сағат 20:00-де ұсынылады.
Сағат 09:30-да сайлаушылардың дауыс беруге келуі туралы сайлау комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес сайлау бюллетенін тізімге енгізілген сайлаушылардың жалпы санының 14,37%-ы алды. Олардың ішінде ең көбі Қаралы ауданында 245 бюллетень берілді. Бұл 23,7%-ды құрайды, - деп атап өтті Гүлнар Күнбаева.Оның сөзінше, Мәртөк ауданы бойынша 815 сайлаушының 245-і дауыс берді. Бұл 17,2%-ды құрайды.
Ойыл ауданында 420 сайлаушы болса, оның 18,94%-ы дауыс беріп үлгерді. Хромтау ауданы бойынша 798 адам дауыс берді. Шалқар ауданы бойынша 396 сайлаушының 16,53%-ы бюллетендерін алды. Облыс бойынша есепке сәйкес сайлау бюллетендерін алғандар саны 4 601 адам, бұл 14,37%-ды құрайды, - деді ол.