Әкім қабылдауында болған шымкенттіктер баспана мәселесін көтерді

1 Қараша 2023, 19:44
635
Бөлісу:
Әкім қабылдауында болған шымкенттіктер баспана мәселесін көтерді
Фото: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін Шымкент қаласы әкімі Ғабит Сыздықбековтің әкімдік ғимаратында кезекті бірыңғай қабылдау күні өтті. Қала басшысының тікелей қабылдауына алдын ала 50 азамат жазылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Әкім қабылдауында болған шымкенттіктер баспана мәселесін көтерді

Қала әкімі жеке қабылдауға жазылған әр тұрғынның мәселесін мұқият тыңдап, тиісті басшыларға нақты тапсырмалар берді. Оған қоса, қала басшысы бұқараның өтініш-тілектерінің ешбірі ескерусіз қалмайтынын айтып, бәрі заң аясында шешілетінін жеткізді.

Әкім қабылдауында болған шымкенттіктер баспана мәселесін көтерді

Сонымен қатар әкім орынбасарлары, аудан әкімдері, департамент пен басқарма басшылары тұрғындардың арыз-шағымына назар аударып, тиімді шешу жолдарын айтты. Ал күрделі әрі шешімін табу үшін ұзақ мерзімді қажет ететін мәселелер әкім орынбасарларының бақылауында болатынын түсіндірді.

Әкім қабылдауында болған шымкенттіктер баспана мәселесін көтерді

Кезекті бірыңғай қабылдау күнінде баспанамен қамту, жер телімін бөлу және әлеуметтік мәселелер көп көтерілді. Жалпы 300-ге жуық азаматтың өтініш-тілегі тыңдалды, - делінген Шымкент қаласы әкімінің баспасөз хабарламасында.

Әкім қабылдауында болған шымкенттіктер баспана мәселесін көтерді

Айта кетейік, қала әкімінің жеке қабылдауына жазылуды Шымкент қаласы әкімі аппаратының өтініштерді қарауды бақылау бөлімі жүргізеді.

Өзгелердің жаңалығы