Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызмет бабымен Ақтөбеге келген ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин облыс әкімі Оңдасын Оразалинмен кездесті. Кездесуде сондай-ақ, кәсіподақ ұйымдарының басшылары да болды.
Өңір басшысы кәсіподаққа облыстың 132 мың тұрғыны кіретінін, оның 45 мыңнан астамы жастар екенін атап өтті. Жалпы, кәсіподақ орталығы 1181 бастауыш, 15 жергілікті және 10 салалық кәсіподақ ұйымдарын үйлестіреді. Осы жылдың басынан бері 7 жаңа бастауыш кәсіподақ ұйымы құрылды.
Өткен жылы кәсіпорындардың қызметінің тоқтауына, карантиндік шектеулерге және т.б. мәселелерге байланысты азаматтардың кірістерінің төмендеу қаупін тудырды. Қабылданған шаралардың нәтижесінде 900-ден астам кәсіпорын 30 мыңға жуық қызметкердің жалақысын орта есеппен 10-нан 50%-ға дейін арттырды. Жалпы облыс тұрғындарының орташа айлық жалақысы 173,4 мың теңгеге жетті. Халықтың табысын арттыру бойынша жұмыс жалғасатын болады,- деді Оңдасын Оразалин.
Сонымен қатар ол еңбек нарығындағы тұрақтылық, жұмыспен қамтуға ынталандыру, жаңа жұмыс орындарын құру, жұмысшылардың еңбекақысын уақытында төлеу, кәсіпорындардағы қауіпсіздік деңгейін арттыру, еңбек жағдайларын жақсарту сұрақтары басым болып қала беретінін қоса айтты.
Өз кезегінде Сатыбалды Дәулеталин пандемияға байланысты көптеген әлеуметтік сұрақтардың туындағанын атап өтті.
Олардың қатарында еңбек дауы да бар. Еліміздегі кәсіпорындарда орын алған 28 еңбек дауының сегізі кәсіподақ жұмысының арқасында шешілді. Кәсіподақ жоқ жерде қоғамдық бақылау да, талдау да жоқ. Өндірісте жарақат алу жағдайларының артуы, кәсіпорындарда өндірістік кеңестер құру, орташа айлық жалақыны көтеру, сонымен қатар индекстеу мәселелеріне айтарлықтай назар аудару қажет,- ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин.
Оның сөзінше, Ақтөбе облысы отырған ұжымдық келісімшарттардың саны бойынша көш басында тұрғандардың қатарында, қазіргі таңда өңір 8,7 мың ұжымдық келісмшартқа отырған.
Кездесу барысында ҚР кәсіподақтар федерациясы мен облыс әкімдігі арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Соның аясында тараптар еңбек қатынастарын реттеу сұрақтары мен әлеуметтік бастамаларды жүзеге асыруда бірлесіп әрекет қылатын болады.
Кездесу соңында Сатыбалды Дәулеталин Оңдасын Оразалинге «Кәсіподақ өкілі» ҚРКФ белгісін табыс етті.