Павлодар облысының әкімі Іnstagram әлеуметтік желісінде өңір жұртшылығын Абай күнімен құттықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бүгін қазақ халқының ғана емес, тұтас түркі жұртының таудай тұлғасы, әлемдік деңгейдегі философ, ойшыл, ғұлама, ақын Абай Құнанбайұлының дүниеге келген күні. Мемлекетімізде «Абай күні» деп белгіленген мерекенің ұлтымыз үшін мән-мағынасы орасан зор, – деді Асайын Байханов.
Сондай-ақ аймақ басшысы халқымыздың болмысын өлеңмен суреттеп, сан ғасырға азық болатын ақылын қара сөзбен мирас етіп қалдырған ақынның әр туындысы - баға жетпес қазына екенін атап өтті.
Рухани құндылығымыздың тамыры терең жайылып, ұлттық рухымыз биіктей берсін, – деді облыс әкімі.
Өңірде Абай күніне орай түрлі шаралар ұйымдастырылуда. Павлодар облыстық әкімдігінің алдында орналасқан ұлы ақын Абай Құнанбаевтың мүсініне гүл шоқтары қойылып, «Нұр-ана әлемі» қоғамдық бірлестігі мен екі әскери бөлімнің сарбаздары Абайдың әнін шырқады.