АХҚО мен ЕЭК бірлесіп жұмыс істейтін болды

9 Тамыз 2019, 23:26
1460
Бөлісу:
 АХҚО мен ЕЭК бірлесіп жұмыс істейтін болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) премьер-министрлерінің қатысуымен өткен Еуразиялық үкіметаралық кеңесте белгілі болды. Онда ЕАЭО қатысушыларының ынтымақтастығын кеңейту және дамыту үшін АХҚО мүмкіндіктерін пайдалану мәселелері талқыланды.

«Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы (АХҚО) Қ. Келімбетов және Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) экономика және қаржы саясаты бойынша алқа мүшесі (Министр)
Т. Жақсылықов АХҚО мен ЕЭК арасындағы 2019-2021 жылдарға арналған бірлескен іс-шаралар жоспарына қол қойды.

Жоспар қаржы нарықтарын реттеу, қаржы қызметтерін тұтынушылар мен инвесторлардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, қаржы технологияларын дамыту жөніндегі ынтымақтастық шараларын көздейді», - делінген хабарламада.

Бұдан басқа, қаржы нарықтарын дамыту бойынша өзара іс-қимыл шеңберінде инновациялық қаржы өнімдері мен қызметтерді тестілеу және өңдеу үшін ЕАЭО-да реттегіш «алаң» құру бойынша іс-шаралар жоспарланған.

Іс-шаралар Жоспарын табысты іске асыру АХҚО-ның ЕАЭО қатысушы елдерімен және Еуразиялық комиссиямен арадағы ынтымақтастықты тереңдетіп, АХҚО-ның Еуразияның қаржылық «хабы» ретінде қалыптасуын кезең-кезеңмен жүзеге асыруға мүмкіндік береді деп жоспарлануда.



Өзгелердің жаңалығы