Әкеге арналған мереке отбасы құндылықтарын дамытады – министр

18 Маусым 2023, 13:07
2152
Бөлісу:
Әкеге арналған мереке отбасы құндылықтарын дамытады – министр
PHOTO
Фото: Артём Чурсинов

Маусымның үшінші жексенбісінде еліміз алғаш рет Әкелер күнін атап өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Әкеге арналған мереке отбасы құндылықтарын дамытады – министр
Әкеге арналған мереке отбасы құндылықтарын дамытады – министр

Елордадағы Ботаникалық саябақта әкелер күніне орай Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен «Әке – отбасының тірегі» open talks Фестивалі болды.

Әкеге арналған мереке отбасы құндылықтарын дамытады – министр
Әкеге арналған мереке отбасы құндылықтарын дамытады – министр

Мерекелік шараның мақсаты - дәстүрлі отбасылық құндылықтарды насихаттау, ынталы ата-ана болу идеясын насихаттау, сондай-ақ ата-ана тәрбиесіндегі Әкелердің рөлінің маңыздылығын көрсету.

Әкеге арналған мереке отбасы құндылықтарын дамытады – министр

Үкімет қаулысына сәйкес биылдан бастап Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесі "Аналар күні" және "Әкелер күні" мерекелерімен толықты.

Әкеге арналған мереке отбасы құндылықтарын дамытады – министр

 "Аналар күні" мерекесі мамыр айының екінші жексенбісінде, "Әкелер күні" мерекесі маусымның үшінші жексенбісінде аталып өтеді. 

Әкеге арналған мереке отбасы құндылықтарын дамытады – министр

Осы орайда елордадағы Ботаникалық саябақта «Әкелер күні» күніне орай мерекелік іс-шара өтті. 

Әкеге арналған мереке отбасы құндылықтарын дамытады – министр

Мерекелік іс-шараға Ақпарат және Қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі, Республикалық ардагерлер кеңесі төрағасының бірінші орынбасары Өмірзақ Озғанбаев, «Әкелер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мақсұтбек Айтмағанбет қатысып, құттықтау сөз сөйлеп, мерекемен құттықтады.

Әкеге арналған мереке отбасы құндылықтарын дамытады – министр

Баршаңызды ұлттық деңгейде алғаш рет тойланып жатқан Әкелер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Әкелер күні халықаралық деңгейде тойланып келеді. Бірақ биыл Үкімет қаулысымен елімізде бірінші рет тойланып жатыр. «Отан – отбасынан басталады» деген жақсы сөз бар. Ал, сол отбасының тірегі, отағасы, қарашаңырықтың иесі әкелер екені белгілі. Әкені әр уақытта пана тұтқан, қалқан тұтқан. Әкелереміз мықты болғандықтан, бізге осынау ұлан-ғайыр дала мұра болып қалған. Әке, ата, ұғымы киелі, қасиетті. Сондықтан ата-жұрт, атамекен дейді. Туған топырақ атаның, ананың есімімен тікелей байланысты. Қолына қалам ұстаған кез-келген азамат ата-ана туралы толғайды. Әкеге арналған мереке отбасы құндылықтарын дамытатыны сөзсіз, - деді министр.

Әкеге арналған мереке отбасы құндылықтарын дамытады – министр

Мерекелік іс-шара барысында Республикалық ардагерлер кеңесінің төрағасының бірінші орынбасары Өмірзақ Озғанбаев әкелердің қадір-қасиетіне ерекше тоқталды.

Әкеге арналған мереке отбасы құндылықтарын дамытады – министр

Қай кезде де қазақ төрінің иесі де киесі де ол – әке, ата болатын. Сол ата мен әкені құрметтеген халық еш уақытта ешкімнен кем болмаған. Әкені тек ұлағат тұтқан. Кішілерге өсиет-үлгі болған. Сол біздің халқымыздың бала тәрбиелеудегі ерекшеліктері. Жалғасын тауып бүгінгі күнге дейін келіп жатыр, - деді Республикалық ардагерлер кеңесінің төрағасының бірінші орынбасары Өмірзақ Озғанбаев.

Әкеге арналған мереке отбасы құндылықтарын дамытады – министр

Ботаникалық саябаққа жиналған әкелер мен балалар түрлі ұлттық ойындарды ойнады. 

Әкеге арналған мереке отбасы құндылықтарын дамытады – министр

Арқан тартыс, садақ ату, тоғызқұмалақ және т.б. 

Әкеге арналған мереке отбасы құндылықтарын дамытады – министр

Сонымен қатар іс-шара аясында арнайы концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

Әкеге арналған мереке отбасы құндылықтарын дамытады – министр
Өзгелердің жаңалығы