Ақбол Үдербаева: Режиссерлік – зергерлікпен айналысумен бірдей

15 Қазан 2021, 18:03
12286
Бөлісу:
Ақбол Үдербаева: Режиссерлік – зергерлікпен айналысумен бірдей
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ғасыр күнделігі айдарының келесі қонағы Ақбол Үдербаева. Өмірінің ширек ғасырдан астам уақытын Қазақ радиосында режиссер болып өткізген ардагер режиссерліктің, техника дамымаған замандағы хабар жасау барысын әңгімеледі.

- Өзіңізге үлгі болған, дауысын ел танитын талай диктормен қызметтес болған шығарсыз?

- Қазіргі кезде радио-режиссер, радио-диктор деген мамандықтар жоқ қой. Режиссерлер дикторлардың алдында отыратын. Қай хабарға қай диктордың дауысы жақсы келеді? Мысалы Сауықты өзің білесің, нағыз аңыз адам. Байжанбаев – аңыз адам. Екеуі де қандай хабар болса да алып шығады. Сол кезде Мырзабек Қуатбеков деген аға болды. Ол кісі де жас кетті. Тамаша жан еді. Содан кейін бізбен құрдас Болат Біжібаев, Аманжан Еңсебаев қатарлы дикторлар болды. Мәмбет Сержанов аға қандай мықты кісі еді?! Әр сөзі тасқа басқандай болып шығатын. Қыздардың арасында Сауықтан бастап, Ұлжан Пармашқызы, Зияда Бекетова, Айман Ақшалова қатарлы дикторлар болды.

- Қазіргі кезде дауыс қою бойынша студенттерге сабақ беретініңізді естідік...

- Біздің радиодан кеткенімізге де он жылдан асты. Өзім режиссер болып жүргенде Жүргенов атындағы өнер академиясынан «бізге келіп тәжірибелік сабақ өтіңізші студенттерге» деген ұсыныс жасады. Қуана-қуана келістім. Радиода жұмыс істей жүріп, академияда тәжірибелік сабақ бердім.

- Тәжірибелік жұмыс деген қалай?

- Хабар жасау барысы ғой, хабарды қалай жасайды, музыканы қалай таңдайды, т.б. сауалдарға жауап іздедік. Алдымен «Дыбыстық шешім» деген сабақ бердім. Бәрі күнделікті өзім істеп жүрген шаруа ғой. Сабақ беруді әлі де жалғастырып келемін. Зейнетке шықпай тұрғанда бастап едім. Зейнетке шыққан соң, түбегейлі академияға ауыстым десем де болады. «Сахна тілі», «Экран тілі», т.б. жалпы сөйлеуге қатысты тәжірибелерімізді айтамыз.

Сұқбаттың толық нұсқасын мына жерден оқуға болады.

Өзгелердің жаңалығы