Ақжолдықтар «Алаш» партиясына арналған монументтің ашылуына қатысты

12 Желтоқсан 2020, 16:01
1965
Бөлісу:
Ақжолдықтар «Алаш» партиясына арналған монументтің ашылуына қатысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тәуелсіздік күні қарсаңында ақжолдықтар Қазақстанның тәуелсіздігі жолында күрескен «Алаш» партиясы қайраткерлеріне құрмет көрсетті.

Бұл туралы партияның баспасөз қызметі хабарлады.

Бүгін «Алаш» партиясы қайраткерлеріне арналған Қазақстандағы алғашқы монументтің ашылу салтанаты өтті. Іс-шараға Алашордалықтардың ұрпақтары, желтоқсандықтар, «Aқ жол» партиясының басшылығы, журналистер, қоғам қайраткерлері қатысты. 

Ақжолдықтар «Алаш» партиясына арналған монументтің ашылуына қатысты

Биіктігі жеті метрлік ескерткіш Алматы облысының Тұздыбастау кентінде орналасқан. Бұл жерді сәулетші Бейсенғазы Сәдуұлы кездейсоқ таңдамаған. Бұрын мұнда М. Калининнің ескерткіші тұрған.

Монументтің тұсаукесері Тәуелсіздік күні қарсаңында өтуі жайдан-жай емес. «Тәуелсіздік» және «Алаш» - бір-бірімен тығыз байланысты ұғымдар. Өйткені «Алаш» автономиясы қазіргі Қазақстанның тұғырнамасына айналған. «Мемлекеттігі жоқ халық – жетім халық» деп Әлихан Бөкейхан айтқан болатын. Міне, біз 29 жылдан бері жетім емеспіз. 29 жыл өзімізге ие болып келе жатырмыз. Бірақ сол тәуелсіздіктің ірге тасын салған - осы Алаш арыстары. Алаш арыстарының еңбегі зая кеткен жоқ. Оған бүгінгі біздің Қазақстан дәлел. Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын! Алаш күнімен құттықтаймын!, - деді «Aқ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев.
Ақжолдықтар «Алаш» партиясына арналған монументтің ашылуына қатысты

Айта кетейік, биыл Қазақ Автономиялық Республикасының құрылғанына 100 жыл толды.

Өзгелердің жаңалығы