АИТВ нашақор мен жезөкшеде ғана болады деп ойладым – вирус жұқтырған кейіпкер

Бүгiн, 12:48
129
Бөлісу:
АИТВ нашақор мен жезөкшеде ғана болады деп ойладым – вирус жұқтырған кейіпкер
VIDEO
Фото: freepik.com

Мұны адамның иммунтапшылық вирусын (АИТВ) күйеуінен жұқтырған кейіпкеріміз BAQ.KZ тілшісіне берген сұхбатында айтты.

Айдана (ред. – аты өзгертілген) бұрын АИТВ мен ЖИТС тек нашақорлар мен жезөкшелер жұқтыратын ауру деп ойлаған. Алайда оған бұл вирусты күйеуі жұқтырған.

Айдана тұрмысқа шығып, қызды болады. Қызын емізіп жүрген кезінде қайтадан бала көтеріп қалады. Бірақ шарана шетінеп, дәрігерлер Айдананы отаға жібереді. Отаның алдында жасалған қан талдауы оның АИТВ жұқтырғанын көрсетеді. Вирусты Айданаға оның көзіне шөп салған күйеуі жұқтырған. Алайда ол диагнозды естігенде бірден емізулі қызын уайымдағанын айтады. Себебі АИТВ ана сүті арқылы сәбиге де жұғып үлгерген.

Бірінші қызымды ойладым. Өзім өмір сүруге болатынын білемін. Мектепте үйретті, көрсетті. "Нашақорлар, жезөкшелер, гейлер ғана ауырады" деген менталитет қалып қалған ғой... "Қызым қалай болады? Өмірі қалай болады деп?" уайымдадым. Мысалы, мен өзім үлкен болғаннан кейін ертең маған біреу бірдеңе десе, жауап қайтара аламын. Ал бала болғаннан кейін оның психологиясына қалай әсер етеді, соны ойладым, - дейді кейіпкер.

Сондай-ақ Айдана қызына АИТВ жұққанын білгенде оның өмір бойы дәрі ішуі керек болатынын уайымдағанын айтты.

4 жасында сұраған "Мама, мен не үшін бұл дәріні ішем?" деп. Біз оны витамин деп айтамыз, - деді ол.

Қазір Айдананың қызы 6 жаста. Сұхбаттың толық нұсқасын мына жерден тамашалай аласыз.

Өзгелердің жаңалығы